Димашқа небәрі 3 миллион халқы бар Босния-Герцеговинадан хат келген
Димаш Құдайберген Singer жобасына қатысқалы бері тек Қытайдан емес, әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйер тапты. Олар соңғы үш айдан бері Димаштың бөлмесін хаттар мен сыйлықтарға толтырған. Бір қызығы, Димашқа небәрі 3 миллион халқы бар әлемдегі кішкентай мемлекеттен де хат келген.
Бұл туралы Димаштың ресми өкілі Алпамыс “Айта берсін” бағдарламасына айтып берді.
“Көбісі қытайлық фанаттар деп айтып жатыр. Әрине, басым көпшілігі қытайлық жанкүйерлер. Бірақ бізге келіп жатқан хаттар мен сыйлықтардың басым бөлігі шетелдерден келіп жатыр. Босния Герцеговина деген жерден хат келгенде қатты таңғалдық. Ол елде де Қазақстанды біледі екен. Әлемнің әр түкпірінен келеді. Келгенде қай жерден келгенін қараймыз. Норвегиядан келген хаттар бар”, – дейді Алпамыс.
Бір қызығы, Димашқа хат жазушылар қазақ тілін меңгеріп алған. Олардың бәрін оқу мүмкін емес дейді Алпамыс. Димаштың хаттары мен сыйлықтарының толассыздығы соншалық, әнші оған жауапты адам ретінде анасы мен қарындасын тағайындаған. Жанкүйерлерін ренжіткісі келмейтін Димаш сыйлықтарының көп бөлігін туған жері Ақтөбеге жібермек.
“Димаш, мейлінше әр фанаттың көңіліне қарауға тырысады. Мұның ешқайсысын лақтырмаймыз. Ақтөбеге жібереміз, Димаштың өзінде үйінде тұрсын. Үйіндегілерін қуантсын дейміз. Себебі бұл хаттардың арасында Димашқа ғана емес, Света апа мен Қанат ағаға, тіпті, кішкентай Мансұр мен Раушанға келген хаттар бар. Аманатқа қиянат жасамай, өз иелеріне тапсырамыз”, – дейді Алпамыс.
Бұдан өзге, Алпамыс Димашқа келген ең қымбат сыйлық туралы сөз етті.
“Ең қымбат сыйлық Майкл Джексонның Dangers деп аталатын пластинасы. Ол өте бағалы сыйлық. Аз тиражбен шығарылған дискіні фанаттардың бірі сыйға тартты”, – деп түйіндеді сөзін Димаштың досы.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың әні Қытайда “Жылдың үздік әні” деп танылды
Димаш бүгін Singer-дің гала-концертінде қазақша ән орындайды
Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан неге өтпей қалды?
Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келетіндерді «әдепсіз әрі бетпақ» деп атады