Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш бүгін Singer-дің гала-концертінде қазақша ән орындайды

Қытайда өткен Singer жобасының қатысушылары тыңдармандарын тағы да бір рет қуантпақ. Олар бүгін гала-концертте өнер көрсетеді.

димаши 220417

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш Құдайберген концертте жаңа әннің тұсауын кеспек. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

“Бүгін Singer тікелей эфирінің Гала концерті. Астана уақыты 20:00-де Бейжің уақытымен 22:00-де Hunan TV арнасында Мұнайдар Баймолданың сөзіне жазылған сазгер Айгүл Бажанованың “Махаббат бер маған” атты əнін орындаймын. Тұсаукесер! Кешкілік эфирде кездескенше!” – дейді Димаш.

Еске салайық, Димаш Singer жобасында 2-орын алды.

Жіберіп алмаңыз:

Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан неге өтпей қалды?

Ернар Айдар ауруханадан шықты

Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келетіндерді «әдепсіз әрі бетпақ» деп атады

Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім “сұратқызған” басылымды сотқа берді

Талқылау