Ернар Айдар ауруханадан шықты

Жұма, 21 Сәуір , 2017 16:29

Беті бері қараған Ернар Айдар ауруханадан шықты. Қазір әншінің жағдайы бірқалыпты.

ернар айдар аураханадан шыкты

Бұл туралы Ернардың директоры Жазира Еркін Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Десе де ол әлі бірнеше ай дәрігердің бақылауында болады. Омыртқасы сынған Ернарға 1 айға жуық уақыт отыруға тыйым салыныпты. Қазір Ернар өзінің Алматыдағы үйінде екен.

“Ернар бүгін ауруханадан шығарылды, қазір үйде анасының жанында. Жағдайы бірқалыпты, бірақ күтім қажет. Толық емделіп шығуы 3-4 ай уақытты қажет етеді. Әзірге оған отыруға болмайды”, – дейді Жазира Еркін.

Жазираның айтуынша, Ернар өздігінен жүре алады. Тек ұзақ емес. Әнші шығармашылық жұмысын 1 айға тоқтатады.

“Еш уайымдамаңыздар, қазір алаңдайтын нәрсе жоқ. Ернардың жанында анасы мен жеңгесі бар”, – дейді Жазира әншінің тыңдармандарына.

Ернардың ағасы әрі продюсері Талғат Айдар да ауруханадан шығыпты.

“Ол кісіге ота жасалмағандықтан, кішкене қиын болып жатыр. Оған да күтім керек. Жалпы жағдайы бірқалыпты”, – деп түйіндеді сөзін Ернардың директоры.

Есте болса, сәуірдің 11-нен 12-сіне қараған түні әнші Ернар Айдар продюсерімен бірге жол апатына ұшыраған болатын. Омыртқасы сынған әнші бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Ернар біраз уақытқа дейін есін жинай алмады. Сәуірдің 14-і күні Ернар есін жиды.

Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келетіндерді «әдепсіз әрі бетпақ» деп атады

Мәдина Сәдуақасова жарнамаға түскені үшін сынағандарға жауап берді

Нан пісіріп тұрып ән айтқан Динара Сұлтан желіні “жарды” (видео)

Есентаева: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорыққандықтан ажыраспай келдім

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Anonymous says:

    Ернар сен менiн ен жаксы коретин аншiмсiн сенi жол апатын тустi деген хабарды естiгенiмде катты уайымдадым саган ештене болмайак койса екен деп Алладан тiледiм

  • Anonymous says:

    Аман болшы бауырым. Сен ушин куаныштымын. Тезирек жазылып кететинине сенеміз.

  • Anonymous says:

    Как я рада за него,я сильно переживала за него

  • Anonymous says:

    Құдайға шүкір, аман болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар