Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димашқа еліктеп ән айтып жүрген жанкүйерлер кімдер? (видео)

Осыдан жарты жыл бұрын аспан асты елінде өткен «Мен әншімін» байқауына қатысып, Қазақстанның атын бүкіл елге танытқан Димаш Құдайберген болатын.

hq720

Ал, елімізде де Димаштан қалыспайтын оқушы, студент, құрылысшы, әскерлерде, көлік жүргізушілері де тағысын тағы ән орындайтын талантты адамдар бар, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Олар жанды дауыста ән орындап, әлеуметтік желілерде тыңдармандарының көзайымына айналған. Осылардың арасынан біздің редакция сіздерге ән орындаушылардың бесеуін ұсынып отырмыз.

Мади Аманбаев – Жезқазғандық 11 жасар бала өмірде Димаш пен Ресейдің әншісі Витастан басқа ешкім орындамаған «Опера 2» әнін айтып бүкіл әлеуметтік желіні жарды. Әп-сәтте еліміздің жұлдыздарының қатарынан табылды десе де болады. Мади 9 жасынан бастап өнерге бет бұрған. Оның арманы болашақта атақты әнші болу екен.

Дәулет Болатов – Инстаграмда 286 мыңнан аса оқырманы бар алматылық талантты жас жігіт.

Алмат Қамбаров – Бұл жас жігіт фейсбукта тікелей эфирде пианиномен ән орындап, халықтың сүйіктісіне айналды. Бір рет эфирге шығу арқылы 10 мыңдаған тыңдарманды жинап, халықтың мақтанышына айналды.

Ал, енді мына дарынды, таланттылар бізге әзірше таныс емес, бірақта болашақта бұлар да еліміздің мақтанышы боларына кәміл сенеміз.

Дильназ Кузиева ерекше жанрда ән айтатын алматылық ару.

Qonyratbayfam тобында ағасы мен қарындастан ән айтады. Бибі-Хадиша мен Сұлтанали бала күнінен музыкамен айналысады. Ed Sheeran, Pharell, Gorillaz әндеріне ковер нұсқа жазған. Олардың жақында «Бәрібір» атты әнге бейнебаяны шықты. Олар Ғалымжан Молданазарды ұстаз деп таниды.

Тағы да оқыңыз:

Қырғызстандық тыңдармандар: Осы күнге дейін Қайрат Нұртастай қарапайым әнші көрмедік

Айсәуле Бақытбек: Тек өз тілдерінде сөйлейтін корей халқына қызыға қарадым

Жұрт үйленді деп шуласқан Әли Оқапов басқа қызбен демалып жүр

Талқылау