Димаш жаңа альбомында қытай әндерінің көп болатынын айтты
Туған күнінде Аспан асты елінде концерт берген Димаш жақында тыңдармандарын қуантпақ. Ол жеке альбомын жарыққа шығару үшін қызу жұмысқа кірісіп кетті.
Бұл туралы Димаш концерттен кейінгі журналистерге берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Stan.kz.
«Қай тілмен аталатыны әзірге белгісіз. Ішінде міндетті түрде қазақтың иісі шығып тұратын, қазақтың халық әндері болады. Өйткені, ол менің шет елдік және де Қытай еліндегі көрермендеріме тартуым есебінде ұсынғым келеді. Сонымен қатар, ағылшын тілінде де әндер болады. Бірақ, қытай тілінде де, міндетті түрде, әндері көп болады ішінде», – деді Димаш.
Димаш үнтаспаның шығатын күнін жария етпеді. Себебі әншінің өзі де әлі бұл сұрақтың жауабын нақты білмейді.
«Шабыт деген, ертең келемін, арғы күні келемін деп айтып келмейтін дүние. Сол себептен қазір жұмысымыз басталды. Бірақ, қашан бітетінін дәл айқындап айта алмайды екенмін. Өйткені ол тез арада бітіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар, ізденісім көбірек созылып кетіп жатса, ол ұзақ уақытқа дейін бітпей қалуы мүмкін», – деп ағынан жарылды әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Қытай әншісі Димашқа Бейжің орталығынан дыбыс жазу студиясын сыйлады
Қытайдың бас елшісі: Димаш – екі ел қарым-қатынасының жаңа серпіні
Қуан қазақ! Димаш “Жылдың ең танымал әншісі” жүлдесіне ие болды (видео)