Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Димаштай шырқай алмасақ, ән салмай-ақ қояйық": Қанат Айтбаев ұлын "ренжітіп", өкпесін тарқатқанын есіне алды

Қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы Димаш Құдайбергеннің ата-анасына өзіндік "реніші" бар көрінеді. Өнерді жан-жүрегімен жақсы көретін дарын иесіне өмір сыйлаған Қанат және Света Айтбаевтар ұлының "өкпесін" қалай тарқатқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Нұр-Тілеу" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Димаш Құдайбергеннің аты аталған жерде әр қазақстандықтың кеудесін отандасы үшін мақтаныш пен қуаныш сезімі кернейтіні рас. Әлемді аузына қаратып, шетел азаматтарын әдемі дауысына сүйсіндіріп келе жатқан азаматтың ата-анасына, бауырларына деген үлкен құрметі қалың көпшілікке мәлім. Әншінің тыңдармандары, өнер сүйер қауым Қанат пен Света Айтбаевтарға Димаштай ұлды тәрбиелегені үшін алғыс жаудырудан шаршамас десек, артық айтқанымыз емес. Алайда, ерекше дарын иесі, 25 жастағы жігіттің ата-анасына деген кішігірім "реніші" бар екен. Ол әке-шешесінің сахнада сирек өнер көрсетуімен тығыз байланысты. 

"Димаштың музыкалық тұрғыда интеллектуалдық деңгейі өте жоғары. Онымен бірге жұмыс істегенде, яғни аранжировка мен әннің құрылымын жасау, ән таңдау кезінде таласып, жағаласпаймыз. Өйткені оның уәждерінің барлығы дәлелді болып тұрады. Баламызға қарап Светаға: "Әнді айтсақ, Димаш сияқты айтайық, айтпасақ, жағаласпайық",- деймін. Бұл енді әзіл болып айтылса да, ұлымыз: "Сіздер сахнаға шықпай кеттіңіздер", - деп ренжиді. Өз кезегімізде біз онымен қабаттасқанша, шығармашылығын өркендетуге, жұмысына титімдей болсын септігімізді тигізіп отырғымыз келетінін түсіндіреміз. Әрине, сахнаның адамы болған соң, шығып ән айтқың келіп тұрады. Анда-санда рухани жан-ләззатымыз үшін шығып тұру туралы шешім шығардық", - дейді Қанат Айтбаев. 

Сұхбат барысында Димаштың ата-анасы әншінің шетелдік тыңдармандары қазақ әндерін шырқап, ұлттың салт-дәстүрін кеңінен меңгеріп жүргенінен ерекше назар аударды. 


 

Талқылау