Димаш қытайлық қызға бауыр басып қалғанын айтты
Димаш Құдайбергеновтің әріптесіне көрсеткен бауырмалдығы қытайлықтарды елжіретіп жіберді, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.
Қытай елі атынан қатысып жатқан танымал әнші Иуан Ияүй «Singer 2017» ән байқауының 3-кезеңінде келесі айналымға өте алмай, жобамен қоштасқан. Осы сәтте әріптесіне жылы сөз айтып, бауырмалдық танытқан Димаш Құдайбергеновтің әрекеті қытайлықтарды тағы жылатты.
«Мен жобаға алғаш келгенде, бұл ортада ешкіммен тілдесе алмай құлазып жүретін шығармын деп ойлаған едім. Иуан Ияүй мені көре салып бірден танысып, әңгімелесіп, ашық жарқын мінез танытты. Осы аз уақыттың ішінде біз бір-бірімізге бауыр басып қалдық», – деп ағынан жарылды Димаш.
Димаш Құдайбергенов қытайлық әнші қызға жігер беріп, оны құшақтап, «Сен өте мықты әншісің! Мен сені жақсы көремін!» деп бетінен сүйген еді.
Еске сала кетсек, өткен сенбіде Хунань телеарнасының эфирінен «I am a singer» байқауының 3-кезеңі көрсетілді. Онда Димаш Құдайберген Queen тобының «Show must go on» әнін орындап, үшінші орын алды. Байқау 14 кезеңнен тұрады. Әзірге, Димаш жалпы есепте бірінші орында тұр.
Жіберіп алмаңыз:
“I am singer” жобасындағы Димаштың қарсыластары кім?
Димаш пен оның досы жұртты Бағым Мұхитденованы қараламауға шақырды
Лара Фабиан Димашты кездесуге шақырды
Әжесі: Өнер көрсету кезінде Димашқа қалтасындағы тұз бен түйреуіш көмектесті