Димаш Қытайдағы жетім балаларға көмектесті (фото)
Әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Тиянжин қаласындағы «SOS» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қол ұшын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Димаш жетім балаларға қағаз-қалам, көрпе-жастық секілді әр түрлі тұрмыстық бұйымдар сыйға берген.
«Осындай жетім балаларға көмек қолын созу – қоғамның борышы, бұдан кейін де жеткіншектердің ақаусыз өсіп жетілуі үшін өз көмегімді жасап отырамын», -дейді Димаш Құдайберген.
Балалар үйінің басшылығы Димаштың азамматтығына ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хат тапсырған.
Тиянжиндегі бұл балалар үйі – «SOS» халықаралық балалар үйінің Қытайдағы ең үлкен бөлімшесі. Мұнда 132 жетім бала тәрбиеленіп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантпақ (видео)
Талқылау