Димаш Қытайдағы қазақтардың жағдайына қатысты: Қолымнан келсе, бәрін берер едім

Есімі әлемді шарлаған Димаш Құдайберген Қытайдағы қазақтардың жағдайынан хабардар екенін, олар үшін алаңдап жүргенін айтты. Алайда өнер иесі өзінің саясатқа қатысы жоқ тұлға екенін мәлім етті.

димаш Құдайберген

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Олар “жаным қазақ” деп соғатын өз адамдарымыз және ол кісілердің тағдыры біз үшін ешқашан да қызықсыз болып қалмайды. Енді, сөздің шыны керек, қолымнан келсе, бәрін берер едім. Бірақ мен халықаралық дәрежедегі дипломат емеспін. Менің қолымнан тек ән айту ғана келеді. Мен тек әншімін”, — деді Құдайберген.

Алайда өнер иесінің айтуынша, бұл оның алаңсыз жүргенін білдірмейді. Қытайдағы қандастырымыздың жағдайы Димаштың да жанына батады. Бірақ:

“Қазір мен өзімді тек әнші есебінде көріп, бұл мәселе бойынша алаңдамай жатыр деп ойламаңыздар. Менің де жүрегіме ауыр тиді. Мен де барынша бұл сұрақтың тезірек шешілгенін қалаймын. Бірақ мен саясаттағы үлкен тұлға емеспін, мен әншімін”, — деді Димаш Құдайберген.

Естеріңізде болса, ақын Ринат Зайытов Димаштың “Қытай саясатының құрбанына” айналғанын айтқан еді. Айтыскердің бұл пікірі үшін әнші Майра Ілиясова ұялғанын айтып, оны сынға алды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр