Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Қытай халқын Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесіне шақырды

Димаш Құдайберген Қытайдың «Жэньминь жибао» («Халық газеті») газетіне сұхбат беріп, өзі қатысып жатқан байқауға қалай тап болғанын айтып берді. Сондай-ақ, әнші барша Қытай жұртын елімізде биылғы жылы өтетін халықарылық ЭКСПО көрмесіне шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

димаши-020317

Сұхбат барысында Димаш ұстаздарының арқасында неміс, украин, француз, итальян, ағылшын, түрік тілдерін үйренгенін айтып қалды. Қазір Димаш қытай тілін меңгеріп жүр екен.

Димаш «Singer» байқауына қалай келгенін әңгімеледі. Димашты байқаудың бас режиссері, тәлімгер Хун Таоның өзі шақырған екен.

«Ол бұрынғы менің халықаралық байқауларда өнер көрсеткенімді байқап, мені осында шақырды. «Singer» байқауы – нағыз әншілер бақ сынайтын өнер додасы. Уақыты мен айналымы да ерекше ұзақ. Ол сенің сахнадағы сәтіңді ғана емес, әншінің байқауға дайындалу барысын, сондай-ақ, сахнадан тыс тұрмыс-тіршілігін де көрсетеді. Көрермендерге әншінің өнерімен бірге өмірін де толық таныстырады. Мен бұрынғы қатысқан байқаулардан «Singer» жобасының ең үлкен ерекшелігі – бұнда менен жасы үлкен, атағы әйгілі, табысқа жеткен әншілермен бірге бақ сынауға тура келді», – деп түсіндірді Димаш.

Әңгіме барысында Димаш байқауда нәтижеден бұрын, бірінші кезекте қалың көрерменнің қолдауына ие болуды көксейтінін айтып қалды.

Одан кейін әнші Қытай халқын елімізде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды.

«Биыл маусым айында Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі басталады. ЭКСПО көрмесі тұңғыш рет Орталық Азия елінде өткізіледі. Барлықтарыңызды Қазақстанға келіп, ЭКСПО көрмесін тамашалауға, қазақтың әсем табиғатын көруге, дәмді тағамдарынан ауыз тиюге шақырамын.  Бәрі сәтімен болса, мен аталмыш көрмеде ән айтатын боламын», – дейді Димаш.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергеннің келесі кезеңде қандай ән шырқайтыны белгілі болды (видео)

Танымал ақын Димаш орындаған “Адажио” әнін қазақша сөйлетті (видео)

Қарақат Әбілдина Димашты уақытында бағаламағандарды сынап тастады

“Димаш” есімі брендке айналатын болды

Талқылау