Димаш Құдайбергеннің әкесі желіде жөнсіз уағыз айтатындарға шектеу қоятын заң қабылдау керегін айтты
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев Facebook-тегі парақшасында пәтуасыз уағыз айтатындарға қарсы екенін айтып, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar
“Әлеуметті желі арқылы кім көрінгеннің уағыз айтып, санаға селкеу түсіруіне тыйым салатын заң қабылдамаса болматындай жағдайға жеттік-ау, сірә? Ойына келгенін айтып, ұлттық болмысымызды, дәстүрімізіді, тілімізді, өнерімізді аяқ асты етіп, қоғамды ірітушілер көбейе бастады ғой”, – деп жазды Қанат Айтбаев.
Өнер иесінің бұл сөзін желі қолданушылары да іліп әкетті.
“Тыйым салу керек. Болашағымызды улап, адастырып жатыр”, “Дұрыс айтасыз, сандырақтата бермеу керек”, “Бұл қазаққа іріткі салу, осылай қазақтың басын қоспау әрекеті”, “Халықты дүбәра қылып бітетін болды”, “Қазаннан қақпақ кеткелі қашан”, – деп жазды желідегілер.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ