Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Мен сені сағындым" әніне арналған музыкалық бейнебаянының премьерасы 23 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында бейнебаянның үзіндісін жариялады. Ал клипті әншінің YouTube-тегі арнасынан көруге болады.

"Dears (әншінің жанкүйерлері), менің жаңа клипімнің премьерасы 23 желтоқсанда менің YouTube каналымда өтеді. Жіберіп алмаңыздар", - деп жазды әртіс.

Айта кетейік, жуырда композитор Игорь Крутойдың музыкасына және Игорь Николаевтың сөзіне жазылған  "Я скучаю по тебе" ("Мен сені сағындым") әнінің премьерасы Мәскеуде өтті.

Клипте әнші драмалық кейіате көрінеді. Бос мегаполис ішінде ол портреттегі қызға деген сезімін мойындайды.

Әншінің жанкүйерлері оның жаңа туындысының шығуын асыға күтетінін жазып, оны қолдады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Желтоқсан, 2020 11:54
Талқылау