Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген жаңа әні туралы айтып берді

Өнеріне әлем тамсанған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық "Go, Go Squid" сериалына арнайы жазылған саундтректің шыққаны туралы айтып, оқырмандарынан "Сouldn' t Leave" әні туралы пікірлерімен бөлісуді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

димаш құдайбергенInstagram парақшасында видеороликтен қысқа үзінді салып:

"Жақында менің Қытай телехикаясына жазған саунтрегім шықты. Сіздерге  ұнайды деген үміттенемін", - деп жазды Димаш Құдайберген.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

My Chinese TV series soundtrack has recently been released. I hope you enjoyed it)

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Әннің премьерасы 17 шілдеде өткен еді. Желіде тректің толық  нұсқасы мен Eurasian Fan Club жанкүйерлері "Сouldn' t Leave " мәтінін жариялап, әнді орыс тіліне аударып жариялаған.

"Go, Go Squid" телесериялы 2019 жылдың жазында экранға шыққан болатын. Атын тікелей аударғанда - "Алға, Кальмар" деген мағна береді, басты кейіпкердің лақап аты бойынша. Орыс тілдегі мағынасы "қымбат, сүйікті" деп аталады.

Драмасы желісі Тун Нянь есімді 19 жасар үздік студент, аниме-косплей жұлдызы және әнші қыз туралы әңгімелейді. Қыз киберспортмен Хань Шанға ғашық болып қалады. Жігіттің лақап аты-Кальмар. Ол виртуалды әлемде өмір сүреді және Қытай командасы киберспортта әлем чемпионы болу үшін бәрін жасайды. Дорама 14 сериядан тұрады.

Талқылау