Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Know әніне бейнебаян түсіреді

Димаш Құдайберген Know әніне бейнебаян түсіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш Құдайберген Know әніне бейнебаян түсіреді

Жаңа бейнебаян түсіріп жатқаны туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Ол тыңдармандарына жақын арада тың туынды ұсынатынын айтты.

"Жуырда Know әніне түсірілген бейнебаянды көретін боласыздар", - дейді Димаш Құдайберген.

Бұл жаңалықтан хабардар болған әншінің тыңдармандары Know туындысын қатты жақсы көретіндерін айтып, дәл осы әнге бейнебаян түсірілетініне қуанған.

"Бұл әнді қатты жақсы көремін. Димаштың қолы тиген жердің барлығы ғажайып болып кетеді", "Жақсы түсірілім болсын. Күту режимі үнемі қосулы", "Алақай, мен дөп түстім", "Қандай керемет жаңалық. Ғажап әнге түсірілген ерекше бейнебаян болмақ", - деп пікір білдірді желідегілер. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаянын Францияда түсіретінін жазған болатынбыз.

Талқылау