Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген АҚШ-тың MTV арнасында бейнебаяны қазақ тілінде шығатын алғашқы қазақстандық атанды

Димаш Құдайбергеновтың бейнебаяны MTV USA арнасында шығады, ол қазақ тілінде әні шырқалатын Қазақстанның алғашқы әртісі болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dimashnews.com-ға сілтеме беріп.

Димаш

Бейнебаянды MTV USA арнасында, ал АҚШ-тан тыс көрермендер үшін MTV-дің ресми YouTube арнасында көруге болады.

"Мен бүкіл әлемдегі шығармашылығымның жанкүйерлеріне осыған қолжеткізуіме көмектескені үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Менің қымбаттыларымның тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен баға жетпес қолдауының арқасында  балалық армандарымның бірі іске асты. Мен өте қуаныштымын, Сіздерге деген алғысым шексіз", - деді Димаш.


Қайрат Нұртастың анасы: Димаштың өмірі маған қызық емес 


Видео 2 қазан, жұма күні сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін Нью-Йорк уақыты бойынша (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 03.00-ден 06.00-ге дейін) жарияланады. Бұл Америкадағы арнаның ең көп адам көретін уақыт боп саналады.

Талқылау