Димаш Құдайбергенов: Мен “екінші Витас” емеспін
Қытай елінде өтіп жатқан музыкалық жобаның алғашқы турында жеңіске жетіп, мерейімізді үстем еткен Димаш Құдайбергенов қолдау көрсеткен барша жандарға алғыс айтып, желіде бірнеше пост жазды. Әнші өзін ресейлік әнші Витаспен салыстыратындарға ренжіп қалған ұқсайды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Қайырлы кеш, достар! “Қазақтың Витасы”, “Витас сиақты айтады”, “Екінші Витас” деген маған теңеу сөздеріңізді естіп жатамын! Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен “Екінші Витас” емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді!» – дейді Димаш.
Бұдан бөлек, әнші байқаудың 2-турында режиссерлердің ұйғарымымен Витастың ең күрделі “Опера 2” деп аталатын әнін шырқамақ!
«Витастың дауысынан 4 модуляциямен 2 тон жоғары айтуға бел будым! Қалай болатынын бағалай жатарсыздар!» – дейді әнші.
Айтпақшы Димаш Аспан асты елінің сахнасына екінші рет 28 қаңтар күні Бейжің уақытымен 22:05-те шығады. Тыдармандар тікелей эфирді Hunan tv арнасынан онлайн режімде тамашалай алады.
Осыған дейін Димаштың Қытайда әлем мойындаған әншілер сайысына қатысып жатқанын жариялаған едік. Қытайлықтар қазақстандық әншіге “Тәңір өзі назарына алған әнші” деп баға берген. Ал жерлесіміз сайыстың алғашқы турында жеңіс тұғырынан көрінді.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың қытайлық фанаттары қазақ тілін үйрене бастады
Тәуекел Мүсілім қызбен сүйісіп тұрған суретіне қатысты пікір білдірді
Желідегілер Луинаның ұятты жерінің көрініп қалғанын айтып масқаралады (фото)