Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергенов Қытайда бір топ оққағармен жүретін болған (фото, видео)

Еліміздің атын әлемге мәшҺүр еткен әнші Димаш Құдайбергеновтің қытайлық жанкүйерлері көбейген. I am a Singer жобасының алғашқы шығарылымынан кейін-ақ алпауыт ел халқы оған тыным берер емес, деп хабарлайды Stan.kz.

1455770662_slavic-bazaar-vitebsk-20150713-08

Димаш жатқан қонақ үйді, ол баратын мейрамхананы аңдитындар қарасы қалыңдаған. Осыны ескерген әншінің жақындары оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы оққағарлар жалдаған. Бұл туралы әншінің менеджері Алпамыс Шәрімов жазды.

димаши

“Назарларыңызға: Димаштың 4 жеке Security-і (күзетшісі), 2 жеке әкімгері Шоко мен Джон Ёнг, және жеке стилисті Чи. Мен соларға қазақылық түр беріп жүрмін қысқасы! Бәрі өз істерінің xас шеберлері!” – дейді ол.

Шәрімовтің айтуынша, БАҚ құралдары жарыса жазып жатқан ақпаратқа күмәнмен қарағандар табылған. “Сонша танымал болып кетпеген шығар” деп пікір білдірген жерлестерімізге әншінің досы видео арқылы жауап берді.

Кейбіреулер “соншама танымал болып кетпеген шығар?!” деп күмәнданып жазып жатыр… Міне, дәлел! Көшеде расымен де жүру мүмкін емес. Security-лердің көмегіне жүгінуге тура келді. Қандай мақтаныш! Димаштың @kudaibergenov.dimash бір ғана эфирі осындай танымалдылық алып келді. Бұл бағдарламаны Қытайдың бәрі көретіні осымен айқын. Әр жерден “Димаси”, “Хасакістан”, “Хасакіді шібән (Қазақтың қанаты)” деген сөздерді естігенде қызық сезімге бөленеді екенсін!.. #TheSingerDimash @asharimov

Видео опубликовано Al’Sharim (@asharimov)

Жіберіп алмаңыз:

Қытайдың алпауыт компаниясы Димаш Құдайбергеновке арнап смартфон шығарды (фото)

Димаштың ата-анасы балаларының қалай “қытайлық ғажайыпқа” айналғанын айтты

“Димаш” және “Қазақстан” қытайлар ең көп іздейтін сөздер қатарына кірген

Ләйлә Сұлтанқызы: Дәрінің емес, скотчтың арқасында арықтадым

Талқылау