Димаш қашан үйленеді? Әншінің ата-анасы жауап берді

Әлемге танымал дүлдүл әнші Димаш Құдайберген қашан үйленеді? Димаштың ата-анасы Света мен Қанат Айтбаевтар сұхбат берді. Димаштың карантин уақытында немен айналысқанын айтты. 

Димаш

Қанат пен Света Айтбаевтар бұл туралы "Таңшолпан" бағдарламасында айтты.

"Карантин уақытында үйде жаттық. Бір жағынан Димаш қасымызда болды деп жұбанамыз. Қанша жылғы карбаластан соң қасымызда, үйде болды, демалды. Үйде жатып концерт берді. Сазгерлермен жұмыс істеді", - деді Қанат Айтбаев. 

Света Айтбаеваның айтуынша, қазақтың аластау дәстүрінен бас тартпайды екен. Керісінше оның пайдасы барын айтады. 

"Аластау деген - тұнған философия. Қазақ бекерге алас жасамайды. Қазіргі пандемия басталғанда да алас деген нәрсені ұмытып кеткеніміздің кесірі болар деп ойладым. Аластау ауаны ғана емес, бойды тазартады", - деді әнші.

Қазір сүрбойдақтар тізімінде тұрған Димаштың қашан шаңырақ құратыныны көпшілікті қызықтырмай қоймайды. Бұл сұраққа әкесі жауап берді. 

"Мен өзім институтта оқып жүргенде үйленгенмін. Ол кезде Света да жаңадан оқуға түскен. Студент болып жүріп үйлендік. Ал, Димашқа айтсақ, бұл сұрақтан күліп құтылады. Біздің де немере сүйгіміз келеді. Бірақ уақытында бәрі бола жатар", - деді Айтбаев.

Димаш үйде үш ағайында бір қарындасы, бір інісі бар. Раушан мен Мансұр, Димаш үшеуі де спортқа бейім. Үшеуі де суда жақсы жүзеді. Үйде орналастырылған спортты снарядтар бар. Солармен айналысады дейді әкесі. 


Оқи отырыңыз

«Менен гөрі Димаш пен Ләйлімшырақ лайық»: Ринат Зайытов «Жыл адамы» болғаны туралы


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр