Димаш Әділет әйелін әлемдегі ең бақытты жан етуге уәде берді
Танымал желі “жұлдызы”, модель Димаш Әділет елді шулатқан той суретін түсіндірді. Бұл орайда Димашты ұнататын ару қыздардың алтын сырға! Сымбатты сүрбойдақтың үйленгені жалған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Димаш Әділет бар болғаны досының тойында күйеу-жолдастың рөлін атқарған.
“Көпшілігіңіз байқағандай, алдыңғы суретте мен күйеужігіт емес, жігіт жолдастың рөлінде едім (пост қанша дегенмен 1 сәуір күні жазылған). Жалпы көптеген себептер бойынша, мен алдағы 5 жыл көлемінде үйленуді жоспарлап отырған жоқпын. Әрі қалған ғұмырымды бірге өткізгім келетін аруды кездестірмедім. Бірақ тапқан күні, оны әлемдегі ең бақытты жан ету үшін барымды саламын”, – деп жазды Димаш.
Бұған дейін, Димашты үйленді деп болжаған фанаттардың мазасы қашқан еді.
Айта кетейік, Валентина Дүрүмбетова мен Әділет Қожабергеновтің ұлдары Димаш 11 жасында Швейцарияға кетіп, қазірге дейін сонда тұрып жатыр. Ол Instagram желісінде қымбат киімдердің, сағаттың және сәнді көліктердің рөлінде отырған суреттерін жүктейді. Сәнді түр-әлпеті – оның басты артықшылығы.
2016 жылы Димаш Әділет IQ тестін жоғары нәтижемен тапсырып, әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына қосылды. Ол – Қазақстан тумасы, Гарвард университетінің түлегі. Сонымен қоса, дүниедегі IQ ең жоғары адамдардан құралған халықаралық Mensa International ұйымының мүшесі.
Тағы оқыңыз:
Қазақстандық қыз Қытайда биден өткен чемпионатта үздік үштіктен көрінді (фото)
Қарақат Әбілдина заманауи би билеймін деп сынға қалды (видео)
Бүйтіп биле: АҚШ азаматы Бейбіт Көшқалиевтің әніне билеп, ақша тауып жүр (видео)
Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)