Ділназ Ахмадиеваның купальникпен түскен суреті желіні шулатты
Ділназ Ахмадиева тағы да жанжалдың ортасында қалды. Әнші купальникпен түскен суретін жариялап, желі оқырмандарының назарына ілікті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ахмадиева қазақ-түрік тойына қатысу үшін Кипр аралына барғанын сөз етті. Жұмыс барысымен шетелге аттанған әнші мүмкіндікті тиімді пайдаланып, демалып қайтуды жөн көрген.
«Купальникпен түскен суретті сирек саламын, бірақ мына сурет өзіме ұнап қалды. Ұят емес. Жүйкесі жұқалар айналып өтсін», – деп жазды Ахмадиева.
Желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Желі оқырмандарының бір бөлігі Ахмадиеваның дене мүсінінің сымбаттылығын сөз етсе, ендігілер денесін ашық көрсеткені үшін сынады.
Жіберіп алмаңыз:
Талғат Жорабаев кезінде сиыр сауып, күбі піскен (фото)
Төреғалидің жұбайымен түскен суреті желіні шулатты
Динара Қырықбаева желідегі қыздың тілін «қысқартуға» уәде етті
Қайта оралған Ninety one тобының жаңа бейнебаяны желіні “жарды” (видео)