Ділназ Ахмадиеваның анасы: Қызым үш рет тұрмысқа шықса да, қарсы емеспін
Ділназ Ахмадиеваның анасы қызының ажырасу кезінде қатты қиналғанын айтты. Мұнымен қатар, оның екінші, тіпті, үшінші рет тұрмысқа шығуына қарсы еместігін жеткізді. Ана жүрегі перзентінің тек бақытты болғанын қалайды екен.
Фото: Pandaland.kz
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Шынайы махаббат жайында Ділназдың естеліктері аз емес. Оған әншінің осы тақырыпта түсірілген көптеген әндері мен бейнебаяндары дәлел. Ал өміріндегі сәтсіз күндерінің куәгері көрермен емес, тек анасы ғана.
“Анамды ең жақын құрбым деп білемін. Ол кісіден жасырған еш құпиям жоқ. Біреуге бұл ерсі болып көрінетін шығар. Себебі, анасы мен қызының арасында қандай да бір шекара болуы керек. Бірақ бізде бұл шекара жоқ. Кейде ол мені “анам” десе, мен ол кісіні керісінше “қызым” деймін. Оның менен келіп кеңес сұрайтын кездері болады. Мен де алдына келіп қиналғанымда жылап аламын. Анамның бұлай жүрегін ауырта бергенім де дұрыс емес шығар деп ойлаймын. Десе де, мен үшін анамнан артық адам жоқ”, – дейді Ділназ Ахмадиева.
Әнші жүрегін жаралаған мұңын тек әні арқылы жеткізе біледі. Ал анасы үшін Ділназ Ахмадиева әлі күнге дейін кішкене Диляра болып қала бермек. “Оның маған бар сырын айтатынына қуанамын. Бірде менің кеңестерімді керегіне жаратса, енді бірде мен одан ақыл сұраймын. Алдыма келіп жиі жылап алады. Ол өте мықты адам. Жан-жарасын сырт көзге білдірмейді. Әдетте сырын менімен немесе ең жақын құрбысымен бөліседі. Әйел болған соң, барлығы да болады”, – дейді әнші.
Ділназ Ахмадиева басқалар үшін қол жетпейтін жердегі жұлдыз болса, анасы үшін қызы қашан да сәби қалпында қалмақ. Бірақ сол сәбиінің көңілі құлазып қалса, жанын қоярға жер таппай кетеді екен. Іштей қызының көңілсіз сәттері аз болса екен деп те тілейді. Бірақ мұндай күйден ешкім сақтандырылмаған. Ділназ 2011 жылы тұрмысқа шығып, бақытты болуға қадам жасады. Бірақ дәм-тұздары жараспай, араға 4 жыл салып жолдасымен ажырасып кетті. Бұл жаңалық әншінің тыңдармандары ғана емес, жақындарына да ауыр тиді.
“Ажырасу деген оңай нәрсе емес. Әр адам оны түрліше өткереді. Бұл оған оңайға соқпады. Жанында оған қолдау көрсеткен адамдардың болғанына қуаныштымын. Мен мұндай нәрселерге сабырмен қараймын. Себебі, үнемі өз бақытыңды іздеуің керек. Оны таппайындш тыным таппай еңбектенуің қажет. Сол себепті екінші рет, үшінші рет үйленсе де, оның тек бақытты болғанын қалаймын”, – дейді әншінің анасы Гүлбаһрам Турдиева.
Жіберіп алмаңыз:
Ділназ Ахмадиева: Маңдайыма жазылған сүйіктімді күтіп жүрмін
Рано Омарова жиі сәбиін тастап қыдыруының себебін түсіндірді
Мақпал Исабекова шектен шыққан еркелігі үшін халықтан кешірім сұрады
Баян Есентаева соттан бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарауды өтінді