Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева кезекті туындысын барлық бақытты әйелге арнады

Талай жігітке өзін ойлата білетін Ділназ Ахмадиева араға бір жыл салып тағы бір бейнебаян түсірді.

14723010_612386975611311_1411665654666231808_n

Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/?hl=ru

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

“Мен қолымыздан барлығы келеді деген үміттемін. Өте қарапайым, халыққа түсінікті тілде түсірілді. Бұл барлық қалыңдық пен бақытты әйелдің әнұраны болады деген үміттемін. Олардың саны көп деген ойдамын”, – дейді Ділназ Ахмадиева.

Алайда қалыңдықтардың әнұранына әлі атау қойылмаған.  “Біз бұл туралы біраз ойландық. Меніңше, ол “менің сүйікті адамым” деп аталатын шығар”, – дейді ол. Ділназ жиі ғашық болып қалатын сияқты. Әттең жүрегі жалғыз, әйтпесе барлығына бірдей бөліп беретін еді. Жігіттерге сенімсіздікпен қарайтын әнші “екінші рет тұрмысқа шығып жатсам, жар таңдауда мұқият боламын” деп отыр.

15305878_191855921279351_4860509610076798976_n

“Мен шығармашылық адамымын ғой. Үнемі біреуді жақсы көріп тұруым керек. Сүйіктім жоқ кезде өзімді жақсы көремін. Мен үшін сүюге болатын адамды табу қиын емес. Ал ол адаммен не істейтінің – екінші мәселе. Оны ары қарай да сүйе беретініңді білмейсің ғой. “Сүйіктісі бар, тұрмысқа шыққалы жатыр, көңілдесі бар” деген әңгімелердің қазір маңызы жоқ. Менде барлығы жақсы. Мен сүйемін, мені сүйеді. Осының өзі жеткілікті”, – дейді ол.

Жұлдыз ешкімнің аузына қақпақ болғысы келмейді. Оның үстіне ел аузында жүрген әншінің өзіне де ұнайтын секілді.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас өтініп сұраған тыңдармандарына тегін билет таратқан

Eaglez-дар көптен күткен Ninety one тобының бейнебаяны жарыққа шықты (видео)

Гүлзира Айдарбекова: «Гүл құшақтағанша немереңді құшақтамайсың ба?» деп айтқандар болды

Асхат Садырбай «Мисс Қазақстан» байқауына қарсы шықты

Талқылау