Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетологтар қартаюды тездететін танымал тағамдарды атады

Краб таяқшалары ағзаның қартаюын тездетеді, дейді медицина ғылымдарының докторы, Самара диетология және диеталық терапия ғылыми-зерттеу институтының директоры Михаил Гинзбург. Ол Sputnik радиосына берген сұхбатында бұл өнімді пайдаланудың кері әсерін қалай азайтуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар мейрамханалардағы ең қауіпті тағадарды атады

Краб таяқшаларын қамтитын қатты өңделген тағамдарға бояғыштар, дәм күшейткіштер және басқа тағамдық қоспалар кіреді, дейді Гинзбург. Ғылыми зерттеулер бұл химиялық заттардың жасқа байланысты аурулардың дамуына және ағзаның "қартаюына" себеп болатынын көрсетті, дейді ол.

"Шұжықтар, хот-догтар және т.б. сияқты краб таяқшалары жоғары өңделген тағамдар болып табылады. Көптеген зерттеу мұндай тағамдардың бізді қартайтатынын және жасқа байланысты аурулардың (мысалы, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың) даму ықтималдығын арттыратынын анықтады, – дейді Гинсбург.

Диетологтың айтуынша, қатты өңделген тағамдарды күнделікті жеуге болмайды. Бірақ егер оны жиі жемесеңіз, онда жағымсыз салдардың алдын алуға болады, деп қосты ол.

"Ағза тазару үшін мұндай тағамды тұтыну арасында үзіліс жасау керек. Краб таяқшаларын аптасына бір немесе екі реттен артық жеуге болмайды", – деді Гинзбург.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 30 Мамыр, 2022 09:38
Талқылау