Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог екі ингредиентті пайдаланып, пайдалы құймақ дайындау әдісін айтты

Австралиялық диетолог Ребекка Готторн тек екі ингредиентті қолдана отырып, америкалық құймақ (панкейктер) жасау әдісін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

32 жастағы Готторн рецептпен Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, панкейктерді дайындау үшін бір толық піскен банан мен екі тауық жұмыртқасы қажет.

"Бұл өте қарапайым рецепт. Тек екі ингредиент, сондықтан қателесуге болмайды. Тамақ дайындауды ұнатпасаңыз да, осы рецептті қолданып көруіңіз керек", - деді ол.

Алдымен жұмыртқаны ыдысқа ұрып, содан кейін банан пюресін қосыңыз. Готторн бұл ингредиенттер дәмді және пайдалы панкейктер жасау үшін жеткілікті болатынын атап өтті.

Бірақ егер сіз бір қадам алға басып, құймақты қоюлатқыңыз келсе, бананды езген сәтте бірнеше ас қасық бидай, қарақұмық немесе сұлы ұнын қосуға болады", — деп кеңес берді ол.

Содан кейін жабыспайтын табаны қыздырып, оған қоспаның бір бөлігін құю керек.

"Екі жағынан қоңырға дейін қуырыңыз, панкейк көбіктене бастаған кезде аударыңыз", — деп кеңес берді австралиялық әйел.

Дайын тағамды сүйікті тұздықтармен, сироптармен немесе жидектермен бірге беруге болады.


Талқылау