AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар: Қазақстандықтарды ПТР тестінсіз елге кіргізу керек

Мәжілісмен Ғани Хамзин шетелге шыққан қазақстандықтар үшін міндетті ПТР сынамасы олардың кері қайтуына кедергі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес шетелге шыққан азаматтар Қазақстанға оралу үшін қолында теріс нәтижелі ПТР сынамасы болуы міндетті. Ал оның жарам мерзімі үш-ақ күн. Егер олай болмаған жағдайда әуежай қызметкерлерінің азаматтарды ұшаққа отырғызбауға толық құқы бар. 

Бұл ретте тіпті вакцина паспорты да көмектеспейді. "Мұндай ереже көршілес елдердің бірінде де жоқ. Егер өз еліне емін-еркін орала алмаса, екпені не үшін салдырады?" деп күйінді Хамзин. Сондықтан шетелге шыққан қазақстандықтарға  міндетті ПТР сынамасын алып тастау қажет деп есептейді.

"Қазақстанда ПТР тестілеудің бағасы 7 мың теңге, ал  шетелдерде 20 мен 150 доллар аралығында. Мысалы, отбасында 5 адам болса, кемі 750 доллар төлеуге мәжбүр. Бұл шамамен 322 мың теңге. Қазақстанда тапсырса 32 мың теңге жұмсар еді. Ал сол сынақтардың нәтижесі теріс болса жақсы. Оң нәтиже көрсеткен жағдайда азаматтар қонақүйге, жаңа әуе билетіне, қайта ПТР сынамасы үшін төлеп, еселеп шығындалады.  Тіпті осындай жағдайға тап болып мәжбүрлі түрде несие алған азаматтар да бар", - дейді депутат Ғани Хамзин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр