Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар Қазақстандағы кен орындарының иелері және байлығын жариялауды талап етті

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Қазақстанда кен орындарының иелері және байлығын жариялауды талап етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кен орындары

Депутат Қазақстан жерінің әр сантиметрі, әрбір тамшы мұнайы қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі қажеттігін айтты. 

"Біз Қазақстанның жер қойнауынан қандай байлық және қандай көлемде өндірілетінін білгіміз келеді. Біздің еліміздегі кен орындарының және сол бизнестің иесі – бенефициар кім екенін білгіміз келеді. Әрбір тамшы мұнай, әр грам кен, әрбір сантиметр жер азаматтарымыздың игілігі үшін жұмыс істеуі керек. Өндіруші саланың экономикадағы маңызды рөлі тиісті қадағалау мен ашықтықты талап етеді", - деді Сергей Пономарев. 

Депутат бұл мәселелердің әсіресе Жаңаөзендегі жұмысшылардың талап-тілектерінен кейін өзекті екенін атап өтті.

"Ақтөбе облысы қоғам белсенділерінің мәліметінше, 2018 жылы облыс әкімдігі мен ERG арасындағы әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандум негізінде "Қазхромнан" 53 миллион 800 мың теңге алынып, сол ақшаға Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 кентіндегі 90 пәтерлік тұрғын үйдің ауласы мен коммуникацияларының құрылысы жүргізілетіні хабарланған. Алайда, іс жүзінде бұл бағытта жұмыс болмаған", - деді депутат.

Сондай-ақ депутат жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстанның жер қойнауындағы барлау және өндіру бойынша дұрыс есеп беруін бақылауды күшейту қажет деп санайды.

Талқылау