Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Депутаттар емханалардағы жалған жазбалар үшін қылмыстық жаза енгізуді ұсынып отыр

Фото: parlam.kz

Депутаттар Қылмыстық кодекстің алаяқтық туралы бабына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда, мәжілісмендер заңнамаға медициналық мекемелердегі жалған жазбалар үшін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BES.media желілік басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Медициналық ұйымдардың жоқ қызметтерді "қосып жазатыны" жасырын емес. Бұған дейін Медициналық сақтандыру қоры өкілдері жалған жазбалар саны жылдан-жылға өсіп келе жатқанын мәлімдеген:

  • 2020 жылы – 21 мың;
  • 2021 жылы – 35 мың;
  • 2022 жылы – 52 мың.

2024 жылдың алғашқы бес айында көрсетілген 400 миллион медициналық қызметтің 66 мыңы жалған болып шыққан.

Қазіргі таңда емханаларда көрсетілген медициналық көмектің көлемі 200 АЕК-ке дейін (2025 жылы 786 мың теңге) асыра көрсетілгені анықталған жағдайда, материалдар ішкі істер органдарына жолданбайды. Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы бұйрығы негізінде олар ұрлық емес, ақау болып саналады. Мониторинг жүргізген жағдайда, осындай ақау анықталса, тек қана қаржыландыру көлемі қысқартылады.

Депутат Бақытжан Базарбек басылымға берген сұхбатында Жоғары аудиторлық палата Медициналық сақтандыру қорын тексеру барысында көптеген өрескел заңбұзушылықты анықтағанын айтады. Оның айтуынша,

Депутаттың айтуынша, ақша осы тәсілдермен қолды болған.

Депутат әлгі бұйрықтың кесірінен жалған жазбаларды қылмыс емес, ақау ретінде санауға қарсы екенін жеткізді.

“Бұл дұрыс емес. Абсурд. Бұйрық күшін жоюы керек. Неге әділет министрлігі денсаулық министрлігімен бірлесіп бұл бұйрықтың күшін жоймайды? Прокуратура сол бұйрықтың күшін жою туралы ұсыным енгізуі керек. 2020-2025 жылдар аралығында ақау деген сылтаумен қанша ақша айналғанын білесіз бе? МӘМС – медициналық сақтандыру қоры, яғни ол адамдардың ем алуына арналған халықтың ақшасы. Қормен шарт жасасқан медициналық ұйымдарға ақша аударылған, бірақ қызмет көрсетілмеген. Бұл қалай болғаны?”, – дейді депутат.

Депутат мынандай мысал келтірді: “Егер мектепте жалған жазда анықталса, мәселен, құжат бойынша үш дене шынықтыру мұғалімі көрсетіліп, негізінде бір ғана адам жұмыс істеп, ал жалақыны меңгеруші немесе директор алып жүрген болса, кінәлілер бірден қылмыстық жауапқа тартылады. Ал медицинада керісінше: “қосып жазу” мен жалған деректер ыңғайлы терминмен бүркемеленген.

Бақытжан Базарбек Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасы аясында депутат Мұрат Әбенов және Ирина Смирновамен бірге Қылмыстық кодекстің алаяқтық бабына толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізіп жатқанын айтты.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 17:55
Талқылау