Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар ауылдан келген жастарды баспанамен қамтамасыз етудің жолын ұсынды

Мәжілістегі “Ақ жол” фракциясының депутаттары “Нұрлы жер” бағдарламасында ауыл жастары үшін арзан жатақханалар салу мәселесін қарастыруды ұсынды.

12384243

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыс пен қыруар қаржыға қарамастан баспана мәселе әлі де аса өзекті.

“Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша қазіргі уақытта кезекте тұрған 1,5 миллион азамат он бес жыл ішінде баспана алады. Бірақ тұрмысы төмен тұрғындарға арналған жалдамалы үйден басқа бағдарламаның басқа бағыттары тұрғындардың төлеу қабілетіне байланысты. Наурыз айында орташа жалақы 137 мың теңгені құрады. Ал сарапшылардың есебі бойынша пәтер үшін ай сайынғы төлем мөлшері 116-158 мың теңгені құрайды. Сондықтан бағдарламаға қатысу үшін отбасынада кемінде екі адам жұмыс істеуге тиіс. Тұрақты жұмысы жоқ адамдар немесе әкімдікте мүгедек, жетім я болмаса  көп балалы ретінде есепте тұрмағандар тағы да шет қалады”, — дейді депутат.

Оның сөзінше, бағдарламадағы бұл бағыттар урбанизация процесін ескермейді. Қала тұрғындары ғана емес, әсіресе, қалаға ағылып келіп жатқан ауылдағы жастар баспанаға мұқтаж.

“Кез келген базар немес құрылыс маңында антисанитарлық жағдайда ауылдан келген мыңдаған жас күнкөріс қамымен жүр. Олар 10-15  адамнан пәтер немесе барақ пен жатақханаларда бөлме жалдап тұрады. Бұл келеңсіздіктің ауқымы уақытша тіркеу кезінде анықталды. Үш айдың ішінде 690 мың ішкі мигрант белгілі болған. Шын мәнінде, олардың саны бұдан да көп. Өйткені жалға берушілердің көпшілігі тұрғындарды тіркегісі келмейді”, — деп атап өтті Перуашев Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалда.

Депутат бұл тенденциянның жыл өткен сайын ұлғая беретінін айтады. Егер дамыған елдерде ауыл халқының үлесі 10-15 пайыздан аспаса, біздің елде ауылда шамамен халықтың  40 пайызы немесе 7,5 млн адам тұрады. Яғни, ішкі көші-қонның әлеуеті 2,5-тен 5 миллионға дейін жетеді. Перуашевтың айтуынша, оларды келешекте баспанамен қамтамасыз ету үшін 15 жыл емес, 30 жыл, тіпті 50 жыл қажет болуы мүмкін.

“Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін 35 мың жалдамалы пәтер салу жоспарланып отыр. Депутаттың айтуынша, егер олардың орнына жатақхана салсақ, 49 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етер едік.

“Осы уақытта қаншама адам өте ауыр жағдайда өмір сүретін болады. Сондықтан осы санаттағы адамдардың баспана мәселесін шешу үшін қосымша шаралар керек. Бұл ретте кейбіреулердің бөлмелері шағын арзан жатақханалар салу тәжірибесін ескеруге болады. Тек Астанада ғана ондаған осындай жеке тұрғын үй құрылысы атын жамылған жатақханалар бар. Көпқабаттағы үйдегі бір бөлмелі пәтерлердің асханасы мен санитарлық торабы қырық шаршы метрге жуықтайды. Егер жеке дара асхана мен дәретханадан бас тартып, жатақханада тұрса, бұл баспана құнын біршама арзандатады. Бұл тұрақты жалақысы жоқ мыңдаған адамдар үшін шешуші болуы мүмкін. Осындай жатақханалар салу көптеген отандасымызды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, — дейді ол.

“Осыған байланысты “Ақ жол” фракциясының депутаттары “Нұрлы жер” бағдарламасында ауыл жастары үшін кешенді ұзақ мерзімге жалға берілетін жатақханалар салу мәселесін қарастыруды ұсынады”, — деп түйіндеді  Перуашев.

Тағы да оқыңыз:

Елбасы латын әліпбиіне көшетін уақытты атады

Елімізде ақшадан тарыққан келіншектер біреуге бала туып беруді кәсіпке айналдырған

Жамбылда дәретханаға тасталған сәбиді енді нағашы ағасы асырап алмақ

Талқылау