Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Тимур Елеусізов алдымен блогерлермен бірге ұсталғанын хабарлап, кейіннен оны жоққа шығарды

Алматы қаласы мәслихатының депутаты әрі эколог Тимур Елеусізов блогер Дамир Көшеевпен және Руслан Каримовпен бірге ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/timur_yeleussizov

CMN басылымында Тимур Елеусізовтің бопсалады деген күдікке ілінген блогерлермен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда депутаттың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол бұл мақалалардың біреудің тапсырысымен жазылғанын айтады. 

Осы ретте басылымның өзі жалған ақпарат деген сөзге жауап ретінде депутаттың аудиожазбасын жариялады. Ол аудиожазбада Каримовпен бірге көшеде жүргенде ұсталғанын айтады. 

Депутаттың Instagram парақшасына қарағанда, Елеусізов ұсталған блогерлермен жеке таныс болған. Өткен жылдың желтоқсан айында ол блогер Руслан Каримовпен бірге Алматыдағы полиция бөлімшелеріндегі жағдай туралы видео түсірген. Сондай-ақ ұсталған екінші блогер Дамир Көшеевпен де бірнеше видеосы бар. Олар экологиялық проблемаларды, жолдарды, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы өзекті мәселелерді көтерген. 



Елеусізов блогерлермен бірге тексеріс жұмыстарын жүргізгізген соң олар оны өзімен сыбайлас еткісі келгенін айтты.

Тимур Елеусізов – 2005 және 2011 жылдары Қазақстан президенттігіне екі рет үміткер болған белгілі эколог және қоғам қайраткері Мэлс Елеусізовтің ұлы. Қазір Мэлс Елеусізов "Табиғат" Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындарының экологиялық одағын басқарады.

Бұған дейін ұсталған блогер Дамир Көшеевпен және Руслан Каримов туралы және олардың қандай контент түсіргені жайлы жазған едік. 

Талқылау