Ғылым министрлігі Қазақстандағы танымал блогерлер сататын курстарды тексермейтінін мәлімдеді
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Қазақстанда блогерлер сататын сапасыз білім беру курстары туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Сенат аясында журналистер Дархан Ахмед-Закиден “министрлік мұндай курстарды бақылай ала ма” деп сұрады. Вице-министр бұл мәселенің ведомствоның құзіретіне кірмейтінін жеткізді.
“Блог жүргізу – бұл бұқаралық ақпарат құралына жатады. Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымды насихаттауға қатысатын және ғылыммен айналысу қажет екенін насихаттайтын әріптестерімен өте тығыз жұмыс істейді. Сондықтан, біз қарсы емеспіз және бұл біздің құзыретімізге кірмейді", – деді Дархан Ахмед-Заки.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”