Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егер Қазақстанда сенат таратылса президенттен кейінгі екінші тұлға кім болады

депутатФото: parlam.kz

Парламент кулуарында журналистер депутат Айдос Сарымнан сенатты қысқартқан жағдайда елімізде президенттікке екінші үміткер кім болуы мүмкін екенін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік құрылымы бір палаталы немесе екі палаталы парламентке қарамастан, Президенттік-Парламенттік Республика болып қала береді. Сенат жойылған жағдайда президенттікке мәжіліс спикері үміткер болуға тиіс.

"Президент өкілеттігі тоқтаған жағдайда мәжіліс спикері ел басшысы болуы мүмкін. Қазір біз сайлау, партиялар туралы заңды жұмысқа қабылдап жатырмыз. Меніңше, президент туралы заңды тағы қарастыру керек.Нақты жазылған тәртіп болуға тиіс ", – дейді депутат.

Сарым елімізде президент өкілеттігін беру тәртібі нақты заң жүзінде жазылмағанын айтты. Ол форс-мажор жағдайында биліктің ауысуы ондаған шенеуніке  дейін жазылған АҚШ-ты мысалға келтірді.

"Онда 28-шенеунікке дейін жазылған: егер сенат спикері бас тартса, егер келесісі бас тартса, тіпті вице-премьерлер мен министрлерге дейін. Менің ойымша, болашақта біз тарихтың қандай болатынын, жағдайдың қалай болатынын білмейміз, сондықтан осы барлық тәртіпті барынша белгілеу маңызды.

Әскерилерде неге көп сұрақ туындамайды дейсіз, себебі оларда конверттер деп аталатындар бар, сол конверт ашылады, онда не істеу керектігі жазылған. Біз осы тәртіпті неғұрлым көп ескерсек, келешекте соғұрлым аз проблема болады ", - деп мәлімдеді Айдос Сарым.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау кезінде бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді.

Конституцияның 48-бабы 1-тармағында егер Президент өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатса немесе қызметін атқара алмаса, оның өкілеттігі Парламент Сенатының Төрағасына өтетіні жазылған. Яғни, "екінші тұлға" мәртебесі Конституцияда тікелей Сенат төрағасына бекітілген. Еенді сенат таратылса, президенттің қызметін Мәжіліс спикері атқарады. 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек, 2025 16:22
Талқылау