Басты жаңалықтар
Депутат Дәулет Мұқаевтың қанша айлық алатыны белгілі болды
Депутат Дәулет Мұқаев "Battle сөз" бағдарламасында мемлекеттік қызметтегі жалақысы туралы жасырмай айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/daulet_mukayev
“Аванс ретінде беріледі екен. Оның барлығы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты есептеледі. Мен осы уақытқа дейін ешбір мемлекеттік қызметте болмадым. Блогер болдым, одан телеарнада жұмыс істедім. Сол аванс 20 күнге шамамен 371 мың теңге түсті”, – дейді Мәжіліс депутаты.
Дәулет Мұқаев мемлекеттік қызметкерлерге берілетін қызметтік көлік жайлы да айтып өтті.
“Көпшілік депутаттың жеке жүргізушісі, жеке көлігі болады деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес. Қызметтік көлікті жұмыс бабымен ғана пайдаланамыз. Ал сенбі, жексенбі пайдаланған жағдайда тариф 5 мың теңге деп бекітілген. Кәдімгі такси жалдағандай боласың. Оның өзінде салыстырмалы түрде 5 мың қымбат”, – дейді мемлекеттік қызметкер.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған