Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат автокөлік нөміріне иесінің атын жазуға рұқсат беруді ұсынды

2018 жылы қазақстандықтар әдемі нөмірлерді ғана емес қажет әріптерді де таңдай алады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев ұсынды.

Керек әріптерге тапсырыс беру арқылы әдемі сөз құрап алуға болады. Тек ақысы да соған сай болады. Бұл мемлекет бюджетіне айтарлықтай табыс әкеледі.

Қазақстанда VIP-нөмірлер сатылымы 2015 жылы енгізілді. Бұл 3 жылда мемлекет қазынасына 5 млрд теңге пайда әкелді.

ҚР ІІД адмполиция комитетінің ресми өкілі Ернар Базаровтың айтуынша, VIP-нөмірлерге сұраныстың артуына байланысты ақысы екі санатқа бөлінді.

“Бірінші – 001-ден 009 және 777 дейін. Екінші санаты – 100, 200, 300, 111, 333 және т.б Бірінші санат – 517 мың теңге, екінші санаттағылар 300 мыңнан жоғары”, -деді Базарбаев.

Әдемі нөмірмен қоса әдемі әріп жүктеу 646 тың теңге тұрады. Егер көлік нөмірінде тек әдемі әріптер қажет болса 130 мың болады. Ал, ешқандай талапсыз жай нөмір болатын болса 6537 теңге болады.

Жол полициясы VIP-нөмірлер иелене алмайды. Олар заң алдында бірдей және олардың міндеті жол қозғалыс ережесін реттеу.

Статистикалық мәлімет бойынша, VIP-нөмірлерге сұраныс көп аймақтар:  Астана, Алматы, Қарағанды және ШҚО.

Тағы оқыңыз:

Алматыда екі адам Жаңа жылдық отшашудың кесірінен көздерінен айырыла жаздады

Сот жігітті тәрбиелеп, оқытқаны үшін анасына 1 млн доллар төлеуін міндеттеді

11 жасында далада қалған алматылық қалай табысты кәсіпкерге айналды

Биыл еліміздің он екі аймағында коммуналдық қызмет бағасы өседі

Талқылау