COVID-19-дан зардап шеккен қазақстандыққа санаторийде емделуге жолдама бермеген: Оңалту орталығына кімдер бара алады

COVID-19 инфекциясынан жазылып шыққан қазақстандықтар шипажайда оңалтудан өте алады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі арнайы хабарлаған болатын. Оңалту орталығында кімдер емделе алады және оған бару үшін не істеу керек? Stan.kz тілшісі денсаулық сақтау министрлігінің өкілінен сұрап көрді.

COVID-19 инфекциясымен ауырып жазылған қазақстандықтарды санаторийлерге жіберу туралы денсаулық министрлігі хабарлаған соң, өтініш беріп жолдама ала алмай жатқан тұрғындар жетерлік.

Бұл туралы олар желідегі парақшаларында жазып жатыр. Желі қолданушысы оңалтуға өтініш бергенін, учаскелік дәрігер анықтамаларды жақсылап тексергенін айтады. Бірақ бәрі ойдағыдай болмаған. 

"Менің учаскелік дәрігерім, алдымен КВ-ны, содан кейін оның барлық салдарын мұқият тексерді. Бірақ соңы біз ойлағандай болмады. Оңалту тек созылмалы бронхиті бар адамдарға (және ол іс жүзінде ірі қалалардың барлық тұрғындарында болуы мүмкін) және астмасы бар адамдарға ғана беріледі екен", - деп күйінеді желі қолданушысы. 

Ол өзінің төлемдерді үзбей төлеп жүргенін айтады.

"Ең қызығы, шипажайда оңалту курсынан өтіп жатқан адамдар тегін орындар көп дейді. Неліктен адамдарды сол жерге жібермейді және бұл туралы неге еш жерде айтылмайды? Олар науқастардың сауығып кетуін қаламайтын сияқты ма?", - деді желі пайданланушысы. 

Ал министрлік өкілі жолдамаға қатысты бұйрықтың әлі де болса нақты шықпағанын ескертеді. 

"Қазір денсаулық сақтау министрлігі  оңалту көмегі туралы бұйрықты пысықтауда. Құжатта емханадан бастап оңалту орталықтары мен санаториялық-курорттық ұйымдардағы оңалту қызметінің алгоритмі жазылады, көмек КВИ салдарының дәрежесіне қарай  көрсетіледі", - дейді министрлік баспасөз қызметкері Әсел Артакшинова.

Оның сөзінне сенсек, медициналық сақтандыру қоры медициналық оңалтуға қажетті қаржы көзін қарастыруда, бірақ нақты есеп  пен тариф бұйрық бекітілгеннен кейін белгілі болады. Бұйрықта пациенттердің санатына қарай көрсетілетін қызмет көлемі жазылатынын айтады. 

Сонымен, COVID-19 инфекциясы және пневмония ауырған науқастарды оңалту кімге және қалай көрсетіледі? 


Әсел Артакшинованың айтуынша, оңалту барысында жеке таңдалған физикалық жаттығу және пациенттің нутритивтік мәртебесін түзету, бұлшықет пен салмағын қалпына келтіру науқас денсаулығының жақсаруына көп әсер етеді, тыныс алу динамикасын жақсартады және асқыну салдарынан болатын қауіпті азайтады екен.

Сонымен, оңалту көмегін қалай алуға болады?

"Біріншіден, оңалту шараларының толық кешенін алу үшін пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылып және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүйелі түрде жарна төлеуі қажет. Екіншіден, науқасқа қалпына келтіру емі қажет пе, шешімді көрсеткіштер болған жағдайда емдеуші дәрігер немесе мультидисциплинарлық топ қабылдайды", - дейді баспасөз хатшысы.

Оңалтудың ерте, ұзартылған және кеш деген үш кезеңі бар. Министрлік өкілі бірінші және екінші кезеңдер стационарда, үшінші кезең тіркелген жері бойынша амбулаториялық деңгейде өткізілетінін ескертті.

"Оңалту шараларының көлемі мен қалпына келтіру әдістері пациент жағдайының ауырлығына, өкпенің зақымдану көлеміне және асқынуларға байланысты. Айтпақшы, оңалту медициналық, физикалық және тіпті психологиялық болуы мүмкін. COVID-19 кейінгі пневмониямен ауыратын науқастар үшін өкпені қалпына келтіру өте маңызды", - дейді ол. 

Оңалту екі аптаға дейін созылуы мүмкін және көрсеткіштерге байланысты әрі қарай жалғасуы мүмкін.

"1-2 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар және дене белсенділігі төмен оттегіге тәуелсіз науқастар оңалтудың екінші және үшінші кезеңі санаторлық-курорттық емдеу міндетті болып табылады. Қалпына келтіру іс-шаралары амбулаториялық деңгейде, үйдегі стационар шеңберінде немесе тәулік бойы стационарда жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте оңалтудың екінші кезеңінің ұзақтығы 7-ден 21 күнге дейін болуы мүмкін. Көрсеткіштерді нақтылау үшін мамандар аптасына 3-5 рет қоңырау шалады. 2 және 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар, сондай-ақ дене белсенділігінің айқын шектелуі бар оттегіге тәуелді пациенттер тәулік бойғы стационар базасында II кезеңді оңалтуды қажет етеді. Бұл туралы шешімді мультидисциплинарлық топ, дәрігерлік-консультациялық комиссия немесе дәрігер-реабилитолог қабылдайды. Оңалту ұзақтығы көрсеткіштерге байланысты 28 күннен асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда дәрігерлер пациенттерді күн сайын шақыруы керек.
Тыныс алу жеткіліксіздігі, сана мен қозғалыс белсенділігінің бұзылуы бар оттегіге тәуелді пациенттерге тәулік бойғы стационар базасында да, үйдегі стационар шеңберінде де паллиативтік көмек ұсынылады", - дейді министрлік өкілі

Ол үшін әр емханада арнайы жылжымалы бригадалар құрылғанын атап өтті.

"Егер, аурудан кейін науқаста клиникалық қалдық белгілер байқалмаса, онда учаскелік дәрігер, реабилитолог немесе дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімімен пациент оңалту көмегіне мұқтаж емес деген шешім қабылдануы мүмкін", - дейді денсаулық сақтау министрінің баспасөз хатшысы.

Науқаста аурудың қалдық белгілері қалмаса, оған үнемі физикалық тұрғыда белсенді  және жалпы практика дәрігерінің  бақылауында болуға кеңес беріледі.

Егер сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған болсаңыз, бірақ сізге оңалту көмегін көрсетуден бас тартқан жағдайда, тиісті айғақтардың болуына қарамастан, 1406 нөмірі бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға немесе qoldau 24/7 мобильді қосымшасына өтінім қалдыруға болады. Сіздің жағдайыңыз жеке қарастырылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр