Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі Johnson’s baby балалар ұнтағынан асбесттің бар-жоғын тексерді

johnson

Фото: Shannon Stapleton/Reuters

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Johnson&Johnson балалар ұнтағының құрамында асбест болуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство парфюмериялық-косметикалық өнімдерге, оның ішінде балалар ұнтағына қойылатын міндетті талаптар Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы"  техникалық регламентімен белгіленгенін атап өтті.

"Асбестті парфюмериялық және косметикалық өнімдерде пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар таңбалауда мемлекеттік тілде немесе косметикалық ингредиенттердің халықаралық номенклатурасында көрсетілген массалық үлесінің кему реті бойынша ингредиенттердің толық тізімі болуы тиіс.", – деді комитет.


Үндістанда жөтелге қарсы сироптан бүлдіршіндер көз жұмғаннан кейін ДДҰ ескерту жасады


Ведомствоның хабарлауынша, 2024 жылғы 15 шілдеден бастап аумақтық бөлімшелер өнімді тарату сатысында сынақтан сатып алуды бастады, одан кейін Кеден одағының техникалық регламенттері мен бірыңғай санитарлық талаптарға сәйкестігіне санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілді.

"Сатып алулар барысында таңбалау талаптарына сәйкес келмейтін Johnson's Baby ұнтағының алты үлгісі анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында шаралар қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Ұлыбританияның 3000-ға жуық тұрғыны америкалық Johnson & Johnson (J&J) фармацевтикалық корпорациясын асбесті бар балалар ұнтағын сатты деп айыптап, сотқа берген еді.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 18 Қазан, 2025 16:13
Талқылау