Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі Азияда коронавирустың тарауына байланысты жаңа ұсыныстар енгізді

коронавирус сток

Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді. Сонымен қатар азаматтарға жаңа ұсыныстарын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік мәліметінше 2025 жылдың басынан бері жалпы 329 расталған жағдай тіркелді, қайтыс болу жағдайлары тіркелмеген. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған. Республика бойынша аптасына 25 жағдайға дейін тіркелуде.

“Инфекциялық төсектердің жүктемесі – 27%, реанимациялық төсек-орындар – 2%, сондай-ақ стационарларда коронавирус инфекциясымен 2 науқас ем қабылдауда, жағдайы – орташа ауырлықта. Әлемдегі жағдай сияқты, Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон нұсқасының штамдары айналымда жүр”, – деп мәлімдеді министрлік өкілдері. 

Омикрон нұсқасы 30-дан астам мутацияны қамтиды және аурудың жеңіл өтуімен сипатталады, сондықтан стационарлық емдеуді қажет етпейді. Аурудың негізгі симптомдары – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел.

Басқа елдерде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі келесілерді ұсынады:

– жіті респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;
– қолды, әсіресе, науқас  немесе олардың айналасындағы адамдармен тікелей байланыстан кейін жиі жуу;
– үй-жайларды тұрақты түрде желдету;
– ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну.

Назархан Уән
Жексенбі, 18 Мамыр, 2025 08:52
Талқылау