Денис Теннің жанұясына әділдікке жету үшін қазақстандықтардың көмегі қажет
Денис Теннің жанұясы істі қайта тергеуге жібермек. Бұл туралы спортшының “Инстаграмдағы” ресми парақшасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
17 қаңтар күні Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотта Денис Теннің өліміне күдікті деп айыпталған Арман Құдайбергенов 18 жылға, Нұралы Қиясов 18 жылға, Жанар Толыбаева 4 жылға сотталды.
Алайда Денис Теннің жанұясы сот шешімімен келіспейді. “Инстаграм” желісінде марқұм спортышыға арналған ресми парақшада әділдікті орнату үшін қолдау көрсетуді сұраған жазба пайда болды.
“Сот Кеншілік Әбделдиновтен жанұясының өтініші бойынша, жеке кезекпен Денис Теннің ісін тапсырыспен жасалған қылмыс ретінде бөлек өнідіріске жіберуді сұраймыз”, — деп жазылған.
Сот шешімі шыққанымен спортшының ата-анасы көкейінде жүрген бірнеше сұрақтарға жауап таппаған. Олар Толыбаеваның Англия және Швейцариямен байланысқа шыққанына сенімді. Сонымен қатар, Қиясовтың бауыры қылмыскерлердің сыбайласы деп ойлайды. Марқұм спортшының ата-анасы оқиға орнына бірінші болып жеткен полицейлер Нұрпейісов пен Мұсаевты да қылмысқа қатысы бар деп күдіктеуде.
Сот шешімінен кейін парақшаға шыққан әрбір жаздада қазақстандықтар да өз наразылықтарын білдіруде.
“Құрметті, блогер, жұлдыздар, әншілер! Жазбаларыңыздың арасынан марқұм спортшының анасы істі қайта тергеуге жіберуді сұрайтыны жайлы жазбаға орын тапсаңыздар! Кейбір тұстары ашылмаған. Тергеу жұмыстары орны бос қалған жұмыстарды толтырып, әділ үкім шықсын. Біз үшін, ел үшін осы маңызды емес пе? Біз неге барлығымыз шетте тұрмыз? Жағдайдың осынша қиын болғаны ма? Қайдасыңдар, адамдар?” — деп жазды желі қолданушысы.
Өзге де қазақстандықтар Денис Теннің ата-анасына қиын жағдайда күш-жігер тіледі.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
