Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең семіз модель жанкүйерлерін алаңдатып қойды

Денесін май басқан модель Тесс Холлидейдің сырт-келбеті желі қолданушыларын шошытты. Ол жағажайда билеген суретін өз Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

модель май

Кадрда Холлидей камераға қырынан қарап отырған. Үстіне купальник киген ол билеместен бұрын пластикалық ыдыстан су ішеді. Ары қарай денесін қимылдата жөнелген. 

Модельдің май басқан денесін көрген желі қолданушылары оның денсаулығына алаңдайтындарын білдірді. Олар «Бұл аурудың бір түрі ғой. Жақын күнде жүрегі жарылып өледі», «Артық салмақтан тезірек құтыл. Әйтпесе өлесің», «Бір күні орныңнан қозғала алмай қаласың ғой. Денсаулығыңа көңіл бөлгенің дұрыс» деген пікірлер қалдырған. 

Ал модель өзін сынағандарға ешқандай жауап бермеген.

 

Бұдан бұрын модель парақшасына жалаңаш кеудесін қолымен ұстап айнаға қарап түскен суретін жүктеген болатын. 
 

Талқылау