"Денесі бөлек, басы бөлек жерленді": Блогер Елдос "Колобоктың" анасы марқұм жолдасын есіне алды
Фото: Подкастан скриншот
Танымал блогер Елдос “Колобоктың” анасы Жанат Қалтаева марқұм жолдасының дүниеден өткен сәтіне есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер ана "Құпия подкаст" эфиріне сұхбат берді.
"Үйдегі соңғы 500 долларды салып бердім. Кетіп бара жатқанда жер алып, әке-шешемді көшіріп алып келемін деп айтты. Сол кеткеннен оралмады. Кейін біреулер Шымкенттен үй телефонына хабарласып, күйеуімнің киімдері қандай екенін сұрады. Сол кезде өртеніп кеткен адамның кім екенін таба алмай жатқан екен. Аяқ киімінен ғана таныдық. Көлікті өртеп, құздан лақтырып жіберген. Оны тануға да өзім емес, қайын ағаларым барды. Тексеру үшін күйеуімнің басын кесіп алып қалды", – дейді Жанат ханым.
-
"Балапан, біз сені күтеміз": Блогер Елдос Калабок әке атанбақ
-
"Құны – 60 миллион теңге": Блогер Елдос "Колобок" салоннан алған су жаңа көлігін көрсетті
Оның айтуынша, жерлеген кезде жақындары марқұмның тек денесін, яғни, бас бөлігін салмай жерлепті.
"Сол жақтан орап дайындап әкелді. Денесін бір аптадан кейін әкелді. Кейін денесінің басын бөлек, қабірді ашып жерледік. Басын салып берді, өзім апардым. Менің көрген дүниемді ешкім көрмесе екен деймін. Осы оқиғадан кейін есте сақтау қабілетім нашарлап кетті", – дейді ол.
Еске салайық, Елдос "Колобок" бедеулікке қарсы ота жасағанын айтқан еді.

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
