Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мазамды алды": Көкшетау тұрғыны балкондағы құстарды мылтықпен атып тастады

Ақмола полицейлері балконынан құстарды атқан ер адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

13 қыркүйекте Көкшетау ПБ полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның үйдің балконынан қарудан бірнеше оқ атқаны бейнеленген видеоны анықтады.

Осы ақпаратты тексеру барысында анасымен бірге тұратын 40 жастағы Көкшетау тұрғыны әшкереленіп, ұсталды. Белгілі болғандай, бұл мылтық 15 жыл бұрын қайтыс болған құқық бұзушының әкесінен қалған.


"Қыздың ішкі ағзалары алынған": Көкшетауда мәйіті табылған 13 жасар қызға қатысты ақпарат тарады 


"13 қыркүйекте сағат 12-де ер адам үйде отырып, балконға шығып,  қоқыс жәшігінің үстінде ұшып жүрген шағалаларға оқ атқан. Белгілі болғандай, қоқыс контейнері үйдің артында балкон астында орналасқан және оның демалуына кедергі келтірген", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция ер адамның іс-әрекетінде ҚР ӘҚБТК-нің 436-бабы, 1-бөлімі "Елді мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану" бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтады. Тәртіп бұзушы жауапқа тартылып, қару тәркіленіп, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция КСРО өндірген 4,5 миллиметр калибрлі "ИЖ-38" маркалы пневматикалық винтовканы және 48 дана қорғасын оқтарын тәркіледі.

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 14 Қыркүйек, 2020 13:29
Талқылау