Демалыс күндері Қазақстанда 38 градусқа дейін ыстық болады
2021 жылғы 22-24 мамырдағы Қазақстанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабрлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын болмайды.
“Алдағы үш күнде республиканың барлық дерлік аумағында өрісітің әсерінен атмосфералық қысымның жоғарылауы байқалады. Нәтижесінде құрғақ ауа райы сақталып, жауын-шашын болмайды. Тек Шығыс Қазақстан облысында биік ойпаттың әсерінен 22 мамырда аздаған жауын-шашын мен түнгі аяз сақталады. Ел аумағына Иран аймақтарынан жылы және құрғақ ауа массалары белсенді түрде ағыла бастайды. Салдарынан ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, тіпті күн қатты жылытады деп күтіледі. 24 мамырда түстен кейін термометр 30-38 градус деңгейіне жетеді, тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында ауа 25-35 градусқа дейін жылынады. Еліміздің кейбір аймақтарында жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл болады”, – дейді синоптиктер.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
