Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 сантиметрге дейін қар жауады: Қазгидромет демалыс күндері ауа райы қандай болатынын жариялады

Алдағы үш күнде скандинавиялық циклон біртіндеп ел аймағынан тысқары шығады. Бірақ Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа-райы, боран мен екпінді жел және көктайғақ сақталады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қазгидромет ақпаратынша, атмосфералық қысымның жоғарылауы, жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауы болжанып отыр.

Еліміздің солтүстігінде түнде 20-28, күндіз 15-20 градус болады. Ал оңтүстік аймақтарда Иран жағынан келетін оңтүстік циклон әсерінен жауын-шашын, жаңбыр, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күшейеді.

Айта кетейік, Алматыда 12 ақпанда сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін биіктігі 20 см-ге дейін қалың қар жауады деп болжанып отыр. Бұл ақпан айындағы орташа айлық жауын-шашынның шамамен 40%-ына тең. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері дайындық жұмысын бастап кетті.

Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әлеуметтік желісінде өңірдегі боран жөнінде бейнежазба жариялағанын жазған едік.

Айнұр Мұхади
Жұма, 09 Ақпан, 2024 14:37
Талқылау