Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс күндері Алматыда қоғамдық көліктер жүрмейтін болды

Алматыда жаңа шектеулер байланысты демалыс күндері қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысы толығымен тоқтайды. Бұл туралы мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус

"Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты Үкімет эпиджағдайды тұрақтандыру бойынша жаңа шараларды қолға алды. Осы орайда Алматыда да карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды. Сенбі-жексенбі, яғни 20-21 маусым күндері ірі сауда және қызмет көрсету нысандарының, қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылады. Бұған қоса саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағы, өзендер мен су қоймаларының жағалаулары, тау шаңғысы курорттары және басқа да қоғамдық орындар жабылады", - дейді Сағынтаев.

Бұған қоса ол қаланың қарт тұрғындарына үйден шықпауға кеңес берді. 

"Осыған байланысты қала тұрғындарын бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырамын. Карантин шараларын босаңсыту – COVID-19-дың өршуіне әкеп соқты. Қала тұрғындарынан көшеде жүруін шектетуін сұраймыз. Әсіресе қарт адамдардың үйде отырғаны абзал. Қауіпі дендеп бара жатқан мына ауруды тұншықтыру өзімізге байланысты екенін естен шығармайық. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 1308 нөміріндегі call-орталыққа хабарласуға болады", - деп қосты әкім.

Еске салайық, бұған дейін президент жанындағы мемлекеттік комиссия Қазақстанда демалыс күндері карантин енгізу туралы шешім шығарған болатын. 

Талқылау