Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Делдалдың не керегі бар?": Қазақстандықтар зейнетақы қорының жартысын біріңғай оператор арқылы алуға наразы

Әлеуметтік желіде Жанна Ильичева есімді қолданушы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу ісіне біріңғай оператордың қатысуы ақылға қонбайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор ретінде таңдалды. Бірыңғай оператор туралы естіген кезде, жүзеге асырылатын қызметтер үшін өз пайызын алатын ұйымды бірден елестетемін. Адамдардың зейнетақы жарналары мен оларды қолдану аясының арасында делдалдың не үшін қажет екені түсініксіз? Егер адамның басқа банкте ипотекасы болса, онда салымшының өтініші бойынша және банктің өзі мақұлдағаннан кейін неге ақшаны сол жерге бірден аудармасқа? Банктің өзінде барлық құжаттар пакеті және клиенттің несиелік тарихы бар" - дейді Ильичева.

Ол тұрғын үй жинақ банкі зейнетақы қорын өз мүддесі үшін пайдалануы мүмкін екенін айтты. Оған қоса, бірыңғай оператордың медицинаға ешқандай қатысы жоқ болса да, зейнетақының бір бөлігін емдеуге беру құзіреттілігін алып отырғанын түсінбейтінін жеткізді ол. 

"БЖЗҚ салымшысының ипотекасын өзінің зейнетақы жинақтарымен төлеуін мақұлдауы үшін барлық құжаттарды қайтадан жинау керек болып шығады? Бір қызығы, бірыңғай оператор рөліндегі тұрғын үй құрлыс жинақ банкі несиені мақұлдаудан немесе ипотеканы төлеуден бас тарта ала ма? Жалғыз оператор жеке банк екенін ескерсек, ол өзінің мүддесі үшін жұмыс жасауы мүмкін. Зейнетақы жинақтарын емдеуге пайдалануға да рұқсат берілді. ТҚЖБ-ның бұған не қатысы бар? Банк емдеу қажеттілігін және емнің құнын қалай бағалай алады? БАҚ-та келесі жылы зейнетақы қорында қаржысы бар 720 мың зейнеткер өз жарналарын өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартуға немесе емделуге жұмсай алады деп жазды. Алайда барлық ақша ағыны бір оператор арқылы басқарылмақ. Бұл қаншалықты дұрыс?" - дейді ол. 

Мәселеге қатысты "Тұрғын үй жинақ банкінің" басқарма басшысы Ляззат Ибранимова түсініктеме берді. 

"Біріншіден, бұл сенетқа ұсынылған заң жобасы.  Екіншіден, мемлекеттік заңды тұлғалардың веб-сайтындағы зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелері ұсынылған. Сіз кез келген екінші деңгейлі банктердегі ипотекаңызды төлей аласыз немесе жаңасын ала аласыз. Ал "Тұрғын үй жинақ банкі" - онлайн форматтағы өтініштер берудің бірыңғай терезесі және зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы алғашқы ақпаратты жинау және өңдеу орталығы болып есептеледі. Оған қоса, процесс әлі басталған жоқ. Алайда желідегілер зардап шекені туралы ақпарат жариялап жатыр. Бұл дұрыс емес. Барлығы алдын-ала мәселе көтеріп, кейіннен "мен осылай айтып едім" деп айтқысы келетін сияқты", - дейді ол.  


Қазақстандықтар енді зейнетақысын басқа елдерде тұрып та ала алатын болды


 

Басқарма төрағасының сөзінше, жұмыс әлі басталған жоқ және алдағы уақытта өзгерістер енгізілуі мүмкін. 

"Мемлекет 22 жыл бойы зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігіне кепілдендірілген заңды және ақшаны мақсатты пайдалануды талап етуге құқылы. 720 мың адам қатысады деген ақпарат бар.  Алайда олардың басым бөлігінің несиесі мен ипотекасына төлейтін ақшасы алуға болатын соммадан әлдеқайда аз болуы, және ішінара ипотекаға өтеуге кетуі мүмкін. Қазақстан Республикасының банк жүйесінде мәліметтері бойынша 270 мың қарыз алушы, оның 181 мыңы тұрғын үй құрылысының балансында. Соңғы үш жылда берілген жаңа несиелер көлемінде тұрғын үй құрылысының үлесі барлық қарыздардың 63-64% құрады. Жыл сайын 500 миллиардтан астам теңге. Коммерциялық екінші деңгейлі банктердің ешқайсысы нарықтық ипотекаға ерекше қызығушылық танытпайды. Тарифтердің мөлшері туралы шешім әлі қабылданған жоқ, сондықтан сын объектісі болмаған кезде айтылған сын орынсыз. Біз өтінімдер қабылдауға арналған онлайн платформаны дайындап жатырмыз. Біріңғай оператордан бас тартуды ұсынған Халықбанк болды", - дейді Ляззат Ибранимова.

Еске салсақ, осыған дейін, Қазақстанда тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелері жарияланған болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр