"Декорация ретінде қолдану дұрыс емес": "Пинта" мейрамханасы тірі түйелерді жарнама ретінде пайданаланғаны үшін сынға ілікті
Фото: mlfscl жеке архивінен
Алматыдағы "Пинта" мейрамханасы тірідей түйелерді ойын-сауыққа пайдаланғаны үшін сынға қалды. Қонақтар мен желі қолданушылары мекеменің жануарларға деген қатыгездігін айыптап, 2GIS платформасындағы мекенжайы тұрған жерге шағымдарын жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
mlfscl есімді оқырман Гоголь, 169 мекенжайындағы мейрамхананың бір жыл бұрын да мекеме өз тақырыптық кештерінде түйелерді пайдаланғанын айтады.
"Ішімдік ішетін мекемеге, онда үнемі төбелестер болып, тәртіпсіздік болатыны белгілі, өзіңіз қонақтарды бақылап та үлгермейсіз. Соған қарамастан бұл жерге жануарларды әкелесіз. Сіз жануарлардың ішімдікке араласқан адамдар арасындағы төбелестер кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады деп сенімдісіз бе? Бұл туралы бір жыл бұрын стористе жариялағанмын, бірақ сіз ешқандай әрекет жасамадыңыз. Сонда да мекеме жануарларға қатыгездік көрсетуге мәжбүрлеп отыр", – деп шағымданды қыз.
Желі қолданушылары Анастасия мен Алекс Кривоногов мекемеге наразылығын білдірді. Анастасия Пинта мейрамханасының әрекетін заманауи қонақжайлылыққа мүлде сәйкес келмейтінін айтып, жануарларды ойын-сауық үшін пайдалануды сынға алды.
Ал Алекс Кривоногов өз хабарламасының модератор тарапынан өшірілуіне наразы болып, тірі жануарларды декорация ретінде қолданудың дұрыс емес екенін, олардың өмірі мен еркіндігін құрметтеудің маңызды екенін атап өтті.
"Осы мекемеге және Пинта желісіне баруға кеңес бермеймін. Олар қорғансыз жануарларды маркетинг үшін пайдаланады", – деп жазды тағы бір желі қолданушысы.
Фото: 2GIS платформасынан скриншот
Бұдан бөлек Аида Чикабаева да жануарларға жасалған қатыгездік үшін бір жұлдыз қойып, мейрамхананы ең жағымсыз орын деп бағалады және өзімен қатар достары да енді келмейтінін хабарлады. Ол адамдарды теріс пікірлерді көбірек жазуға шақырды.
Ал Шахизям Исамду мейрамханаға барғанын, тамақ пен сыра ұнамағанын, алайда жануарларды неге әкелгендерін түсінбейтінін айтып, түйелермен жасалған көрініске шүйлікті.
Алматыдағы ботаникалық бақта келушілер аққуды мойнынан тартып, қатыгездік көрсеткен (видео)
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы донер сататын орын өз жарнамасына тірі түйеқұсты пайдаланып, қоғамның наразылығын тудырды. Жарнамалық видео Instagram желісінде жарияланып, онда мекеме алдында тұрған түйеқұстың адамдардың назарын аударып тұрған сәті бейнеленген. Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан "жабайылық", "адамдықтан жұрдай әрекет" деп сынға ұшырады. Қоғамдық резонанстан кейін Астана қаласының полиция департаменті тексеріс жүргізіп, жануарға қатыгездік фактісі анықталмағанын мәлімдеді. Түйеқұс жарнамалық мақсатта Сарыағаштан әкелініп, кейін Қоянды ауылындағы фермаға жеткізілген.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
