ДДСҰ қазақстандық вакцинаны клиникалық сынаққа жіберуге рұқсат берді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған қазақстандық екпені ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл тізімге қазақстандық вакцинаны қосқанда 19 елдің 33 препараты еніпті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Аустралия, Тайвань, Куба, Франция, Аустрия және Канада секілді елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған 33 вакцина кірген.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ресейден вакцина сатып алмақшы екені белгілі болған. Бұған қоса денсаулық сақтау министрілігі басқа мемлекеттерден екпені сатып алу мәселесін қарастырып жатқанын мәлім еткен.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді