Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ: Қазақстандағы "белгісіз" пневмония коронавирустың бір түрі болуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы "белгісіз" пневмония коронавирустың бір түрі деген болжам ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ДДСҰ

ДДСҰ-ның денсаулық сақтау жөніндегі төтенше жағдайлар бағдарламасының директор міндетін атқарушысы Майкл Райан Қазақстанда науқастарға дұрыс диагноз қойылмауы мүмкін екенінД айтады. 

Бұған қоса ол ДДСҰ Қазақстанның үкіметімен бірігіп, осы бағытта жұмыс жасап жатқанын алға тартты. Сөзінше, қазақстандық науқастарға жасалған рентген суреттері зерттеліп жатқан көрінеді. 

"Денсаулық сақтау органдары жасалған тесттер мен олардың сапасын тексеруде. Бұл жағдай тестілеудің дұрыс не дұрыс еместігін анықтау үшін қажетті шара", - дейді ДДСҰ өкілі. 

Айта кетейік, бұған дейін қытайлық БАҚ Қазақстанда коронавирустан да қауіпті пневмония таралып жатыр деген ақпарат таратқан еді. 

Кейіннен бұған қатысты еліміздің денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді. 


Тоқаев "табиғаты белгісіз пневмония" жайлы министрдің өзінен сұрады

Талқылау