Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәуренмен қосылмағанын айтқан Ақбота өз шындығын жайып салды (видео)

Отандық «Гламур для дур» фильмінен кейін табысып, жұрттың сөзіне іліккен Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің қарым-қатынасы әлі де ел талқысында. Десе де некелерін қиғаннан кейін бірде ажырасқанын, енді бірде қайта қосылғанын айтқан жұп көпшілікті мезі еткен сыңайлы. Таяуда ғана Дәуренмен табыспағанын айтқан Ақбота ендігі өз шындығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram желісінің тікелей эфирінде Дәуренмен ара қатынасы туралы сұраққа жауап берді. Оған  желі қолданушыларының бірі: «Дәурен не себепті екеуіңіздің қосылғандарыңызды айтты?» – деп сұрақ қойды.

Бұл ретте әнші қосылғандарын жариялаған Дәурен Айдарқұловтың әрекеті пиар  болуы мүмкін екенін жасырмады.

«Білмеймін. Дәурен мені желіде бұғаттап тастаған. Оған пиар керек шығар», – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

 

Естеріңізге сала кетсек, таяуда ғана Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен қайта қосылғанын жоққа шығарған еді.

Оқи отырыңыз:

Дана Нұржігіт Баян Алагөзоваға еліктейтін келіншектерді сынады

Көптен көрінбей кеткен Жанар Дұғалованың жіп-жіңішке белі көпшілікті таңдай қақтырды(фото)

Лағудың да шегі бар шығар: Отандық журналист актер Бауыржан Ибрагимовті сынап тастады

Мінезіміз жараспады: Луинаның азаматтық некедегі күйеуі әншімен айырылысқаны жөнінде пікір білдірді

Талқылау