Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Елеусіновтің жеңілісінен соң, келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің (10-2-1, 9 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Менеджері Зия Әлиев Instagram парақшасында Елеусінов 2 қазан күні Алматыда өтетін бокс кеші аясында шаршы алаңға оралатынын хабарлады. Дәуреннің қарсыласы әлі анықталмаған.

Осы жылдың шілде айының соңында Дәурен Елеусінов Нью-Йоркте өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, бірінші раундта америкалық Юниор Юнаннан (17-0-1, 11 КО) нокаут алған болатын. Қазақстандық үшін бұл проф рингтегі екінші жеңіліс болды.


Талқылау