Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Абаев Георгиев және көк түсті ленталарға көзқарасын білдірді

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Жаужүрек полкі» шеруіне қатысты өзінің көзқарасын білдірді.

Дәурен Абаев Георгиев және көк түсті ленталарға көзқарасын білдірді

Бұл туралы «Хабар» телеарнасындағы «Ашық сұхбат» бағдарламасында айтылды.

«Азаматтарымыздың  99 пайызы Ұлы Жеңіс күні – 9 мамырды есте сақтайды. Барлығымыз да бұл мерекені жақсы көреміз әрі қатты құрметтейміз (…).  Жыл сайын Мемлекет басшысы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, ардагерлерді құттықтайды. Өкінішке орай біріктіруі тиіс осынау мереке белгілі бір топ тұлғаларының салдарынан ажырата түсуде. «Жаужүрек полкі» шеруіне қатысты айтарым, жеке өзімнің ұстанымым мынадай –  мен оны қолдаймын, бұл шеру адамдардың майданда қаза тапқан немесе Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында қызмет еткен ата-бабаларын еске алуы. Бұл жан қалауы, біз оны қолдауға тиіспіз», – деді министр.

Сонымен қатар министр Георгиев және көк түсті ленталарға қатысты сауалға да тұщымды жауап берді.

«Бұл жерде барлығы да мейлінше қарапайым. Біз не істеу керектігін нұсқамауымыз керек. Адамдар оны естелік ретінде тағуы қажет. Басқа мәселе, көк түсті лентаның қазіргі қазақстандықтардың жанына жақындығы. Себебі оның ел тәуелсіздігіне тікелей қатысы бар», – деді Абаев. Оның пайымынша, бұл дәстүр сабақтастығын бұзбайды. «Георгиев лентасы 2000 жылдардың басында ғана соғыс нысаны бола бастады. Ол 1941-1945 жылдары нышан болған емес. Ендеше бұл процесті саясиландырмайық-та. Ең бастысы, бұл біздің ата-бабаларымызға қарым-қатынасымыз, оларға деген құрметіміз бен мәңгі сақталуы тиісті махаббатымыз. Біз орын алған сол бір трагедияны, шеккен шығынымызды, ата-бабаларымыз алдындағы Қазақстан азаматтарының парызын естен шығармауыз қажет», – деді министр.

 

Талқылау